Автомобиль мен тракторды трансмиссия т рлері

Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы

Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынандай негізгі бөліктерден құралады: двигатель, трансмиссия, жүргізгіш блок, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқаруға арналған. Двигатель негізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отынның алынған жылу энергиясын тракторге жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыратын двигатель қондырғыларының бірнеше түрлері бар.Оардың бір электр қуатын екіншісі судың немесе желдің ағындық энергиясын т.б. энергияны механикалық энергияға айналдырады. Бірақ солардың ішіндегі ең қолайлы түрі жылу двигательдері. Оларды жанған отынның жылулық энергиясын механикалық энергияға айналдыратындықтан жылу двигательдері деп атайды.

Жылу двигательдері іштен және сырттан жанатын двигательдер болып екіге бөлінеді. Сол еккуінің көп тараған түрі іштен жанатын двигательдер. Себебі, олардың басқаларына қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Іштен жанатын двигательдердің өзі жұмыс принциптеріне қарай екі түрге бөлінеді. Олар: дизельді және карбюраторлы двигательдер. Ауыл шаруашылығы тракторларында тек дизельді двигательдер қолданылады. Двигательден алынған механикалық қуатты трактор жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды. ОЛ негізіне мынандай міндеттер атқарады. Двигательден алынған айналдыру моменті жүріс дөңгелектерін айналдыруға керекті моменттен бірнеше есе аз болғандықтан трансмиссияның көмегімен двигательдің айналдыру моментін жүргізгіш дөңгелекке бірнеше есе арттырып жеткізеді. Жұмыс кезінде тракторға түсетін күш атқаратын жұмыс түріне байланысты азайып немесе көбейіп отырады. Сол күш азайғанда трактордың жүріс жылдамдығын арттыру немесе керісінше болғанда жылдамдықты азайту қызметінде трансмиссия атқарады. Ол үшін жылдамдықты өзгерткіш арнаулы қорап қолданылады. Осыоарға қосымша трансмиссия двигательден алынған қуатты алдымен трактордың ұзындық бағыты бойынша сондықтан кейін жүріс дөңгелектеріне көлденең бағытта бұрып беру қызметін атқарады.

Құрылыстарына қарай трансмиссия бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық және т.б . Тракторларда көбінесе механикалық трансмиссия тек кейбіреулерінде ғана гидромеханикалық немесе электромеханикалық трансмиссиялар қолданылады. Сол себепті төменде механикалық трансмиссиялар туралы анықтама береді.

Жүріс бөлігі тракторды жер бетімен қозғалту қызметін атқарады. Ол жүргізгіш мүше мен тұлғадан тұрады. Трактор тұлғасына рама, жартылай рама немесе жоғарыда айтылған механизмдердің қораптары жатады. Сондықтанда тракторларды тұлғасының түріне қарай рамалы және рамасыз тракторлар деп бөледі. Трактордың барлық механизмдері осы тұлға арқылы бекітіледі.

Жүргізгіш мүшелер құрылысына қарай дөңгелекті және шынжыр табанды болып екі түрге бөлінеді. Дөңгелекті жүргізгіш мүшелер үшін көбінесе пневматикалық шиналар қолданылады. Олар екі-екіден бір оське бекітіледі де жүргізгіш бөлікті құрайды. Двигательден қуат алуына байланысты жетектеуші және жетектелуші дөңгелектер болады. Жетектеуші дөңгелектер трансмиссия арқылы двигательмен жалғасады. Сондықтан да олар жұмыс кезінде двигетельден айналыс алады да, жермен ілінісіп, трактордың тарту күшін туғызады. Осы жетектеуші дөңгелектердің санына байланысты тракторлар өтімділігі қалыпты немесе жоғары деп бөлінеді. Өтімділігі қалыпты тракторларда жетектеуші дөңгелектеріне де двигательден қуат берілсе, онда өтімділігі жоғары трактор болып табылады.

Тракторлардың алдыңғы осіне бекітілген дөңгелектер көпшілік жағдайда, бағыттаушы дөңгелектерқызметін атқарады. Солардың трактор тұлғасына қарағандағы орналасу жағдайын өзгерту арқылы трактордың жүріс бағытын өзгертеді.

Шынжыр табанды жүргізгіш мүшелер жетектеуші дөңгелекпен (жұлдызшамен) ілінісіп тұратын шынжырдан құралады. Жетектеуші дөңгелек айналған кезде өзімен бірге шынжырды да айналдырады. Ал шынжырлар тірек дөңгелектері арқылы жерге тиіп тұрғандықтан онымен ілініске келеді де трактордың тартк күшіне туғызады.

Басқару механизмдері трактордың жоғарыда көрсетілген бөліктерінің жұмыстарын басқаруғаарналған. Олар көбінесе иінді немесе гидравликалық механизмдерден құралады. Қосалқы жұмысшы бөліктерге трактордың тіркеу немесе аспалы саймандары, тракторшының жұмыс орны (кабинасы( және тағы сол сияқтылар жатады. Олар көбінесе негізгі бөліктердің қызметін жақсарту үшін және басқа да қосалқы қызметтерді атқаруға арналған.

Автомобильдер құрылысы жағынан өте күрделі машиналар қатарына жатады. Өйткені оның құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әр түрлі болады. Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған. Сондықтанда ол таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрізді жасалып жүргізуші отыратын кабина жасалады. Ал адам таситын жеңіл машына мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамассыз ететін қондырғылыр орнатылады.

Двигатель автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлігі. Оның негізгі жұмыс принципі энергияның бір түрін екінші түріне айналдыру болып табылады. Осы двигательден алынған механикалық энергия автомобильлдің жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де ол жол бетімен жанасып автомобильді қозғайтын күш тудырады.Сөйтіп автомобиль жол бетімен жүруге мүмкіндік алады. Сондықтанда двигательдің басқа осындай жұмыс атқаратын генератордың айырмашылығы, двигательден тек қана механикалық энергия алынады, ал генераторларда энергияның басқа түрлері де алынуы мүмкін. Мысалы электр энергиясы, жылу энергиясы т.с.с.

Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктірілген бөлігін айтады. Оған трансмиссия алдыңғы және артқы белдемелер жүретін дөңгелектерімен машина тұғыры дөңгелек аспалары рульдік және тежегіш қондырғылар кіреді.осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын бірнеше механизмдермен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.

Трансмиссия двигательден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы. Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды оны машина қажетіне қарай түрлендіріп өзгертіп береді.Себебі машинаға жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамассыз етеді. Сөйтіп трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы.

1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер. Алматы. 2005.

2. Ю. И. Воронов, Л.Н. Ковалев, А.Н. Устинов Ауыл шаруашылғы машиналары, 2005

Модуль 2. ТРАКТОР МЕН АВТОМОБИЛЬ ТЕОРИЯСЫ

1. Алиев Б. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).-Алматы: НАЗ-9. ЖШС 2005. -296 бет.

2. Алиев Б. Тракторлар мен автомобильдер теориясының негіздері.-Астана: Фолиант, 2007. -240 бет.

3. Алиев Б., Рысбеков А.С. Автомобильдің динамикалық есебін жүргізу, Методикалық әдістеме, Алматы, 2001. – 270 бет.

1 сұрақ. Жетекші моментті анықтау.Автомобильдер мен тракторлар жер бетімен жылжу үшін олардың қозғаушы мүшелері (дөңгелек немесе шынжыр табандар) жер бетімен әсерлесіп, қозғаушы күш тудырады. Сол әсерлесуді толық зерттеп білгенде ғана оны тиімді етңп пайдалы жұмысқа қолдануымызға болады. Ол үшін қозғаушыларға қандай күш берілетіндігін анықтау қажет.

Машиналардың қозғаушы мүшелеріне қозғалтқыштар трансмиссия арқылы айналдыру моменті келеді, яғни қозғалтқыштың иінді білігіндегі айналдыру моменті трансмиссия арқылы түрленіп, қозғаушы доңғалаққа жетекші момент болып беріледі. Біздің мақсатымыз – сол жетекші моментті табу. Ол үшін жалпы механикадан алған білімімізді пайдалануымыз керек.

Жер бетінің физикалық-механикалық қасиеттері: машиналардың қозғаушылармен әсер ететін жер бетін жалпы екі топқа, яғни – қатты және жұмсақ – деп бөлуге болады. Қатты жер беті деп күш түскен кезде мыжылмайтын беттерді айтады, бірақ мүлде мыжылмайтын өте қатты жер беті болмайды. Сонда да шартты түрде қолдан жасалған жер беттерін қатты түрге жатқызуға болады, яғни бетондалған, асфальтталған немесе тас төселген жолдар.

Мыжылатын жұмсақ жер беттеріне табиғи күйінде кездесетін топырақты айтады. Оларды да шартты түрдк үш түрге бөлуге болады, яғни тың және тыңайған жерлер, өнім жиналып алынғаннан кейінгі пая және айдалған жер. Бұлардың қасиеттері құбылмалы болады, себебі олар табиғи әсерлерге өте сезімтал келеді. Мысалы, жаңбыр жауған кезде ылғалдылығы көбейгендіктен топырақтың қасиеті өзгереді, т.с.с. Сонымен топырақтың машина қозғаушысының әсерлесу тұрғысынан қарай отырып, оның қасиеттерін екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа физикалық қасиеттерін, екінші топқа механикалық қасиеттерін жатқызайық.

Қозғаушылардың динамикалық қасиеттері: автомобильдерде екі түрлі қозғаушы (движитель) қолданылады, яғни, доңғалақты және шынжыр табанды. Жұмыс кезінде олар өздерінің физикалық, механикалық қасиеттеріне байланысты динамикалық қасиеттерін де өзгертіп отырады. Қозғаушылардың динамикалық қасиеттері деп жүріс машинасының жұмыс сапасына әсер ететін қасиеттерін айтады. Мысалы, қозғаушының радиусының өзгерісі машинаның жүріс жылдамдығын өзгертіп қана қоймайды, онымен қоса тарту күшін де өзгертеді және т.с.с.

Қозғаушыларға жұмыс кезінде әр түрлі күштер әсер етеді. Олардың ішіндегі негізгілеріне мынадай күштерді жатқызуға болады. Олар машмна салмағы арқылы әсер ететін тік бағыттағы күш, трансмиссия арқылы келетін жетекші момен және әр түрлі жағдайларға байланысты келіп түсетін үйірлік күштер. Олардың әрқайсысы қозғаушының тиісті бір қасиетіне әсерін тигізеді. Бұл жерде шынжыр табанды қозғааушыны атай кеткен жөн. Себебі рның топырақпен салыстырғандағы қаттылығының өте көптігінен жоғарыда аталған күштер әсер ететін кезде майысулары өте аз болады да, динамикалық қасиеттері өзгермейді десек те болады. Сондықтан төменде доңғалақты қозғаушылардың қасиеттеріне тоқталамыз.

Читайте также  Вмп присадка для автоматических трансмиссий resurs at 50 мл 4701

2 сұрақ. Доңғалақтың жұмысы: жоғарыда айтылғандай, доңғалақты қозғаушылардың бірнеше түрлері болады. Оларды динамикалық қасиеттеріне қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі әсерлесетін топырақпен салыстырғанда, қаттылығы едәуір жоғары болғандықтан майысуы болмаймын қатты доңғалақтар, ал екіншісі керісінше – жұмсақ доңғалақтар. Сол сияқты жоғарыда айтылғандай жер бетінің де жұмсақ және қатты түрлері бар. Олай болса, жер бетімен доңғалақты қозғаушылардың өзара әсерлесуінің мынадай түрлері болуы мүмкін:

— Қатты доңғалақтар қатты жер бетімен әсерлеседі. Бұған шынжыр табанды қозғаушылардың тірек доңғалақтарының шынжыр бетімен әсерлесуін мысалға келтіруге болады;

— Қатты доңғалақтар жұмсақ жер бетімен әсерлеседі. Мысалы, ішкі қысымы жоғары немесе орташа автомобиль доңғалақтарының егістіктегі жұмсақ топырақпен әсерлесуі;

— Жұмсақ доңғалақтар қатты жер бетімен әсерлеседі. Мұның мысалына ішкі қысымы төмен доңғалақтадың асфальтталған жолмен әсерлесуін келтіруге болады;

— Жұмсақ доңғалақтар жұмсақ жер бетімен әсерлеседі. Мұнжай жағдайлар ішкі қысымы төмен доңғалақтары бар машиналар егістік далада жұмыс істеген кезде кездеседі.

Жетектелуші доңғалақтардың жұмысы: жоғарвда айтылғандай, жетектелуші доңғалақтар төрт түрлі жағдайда жұмыс істейді. Соның бір жағдайын қарастырайық, ал басқалары соған ұқсас болады. Жоғарыда қатты доңғалақтың жұмсақ жер бетімен әсерлескен кезі көрсетілген, бұл кезде доңғалақ майыспайда да жер беті майысып таптаады. Енді осы жағдайдағы жоңғалақтың динамикасын қарастырайық.

Қатты доңғалақ жұмсақ жер бетімен қозғалған кезде оның алдыңғы жағы топырақты таптап тығыздайды, ал артқы жағы тапталған жемен жүреді. Соның салдарынан топырақтың доңғалаққа әсер күші оның осьінен алшақтайды да, иінін құрайды. Енді доңғалақта қарама-қарсы екі момент пайда болады: біреуі – доңғалақты айналдыратын момент, ал екіншісі – доғалақтың айналуына кедергі момент. Ал доңғалақтың, сырғанамай дөңгеленуі үшін сол кедергі моментпен дөңгеленетін момент тең болуы тиіс.

3сұрақ. Жетекші доңғалақтың (қозғаушының жұмысы)жетекші доңғалақтың жетектелуші доңғалақтан айырмашылығы оған жоғарыда айтылған жетекші момент берілгендіктен, ол жер бетімен әсерлеседі де, тарту күшін тудырады. Ал жұмыс істеу жағдайы алдыңғы айтылған жетектелуші доңғалақтармен бірдей. Бұларың да жұмсақ және қатты түрлері болады. Олай болса, жетектелуші доңғалақта болатын құбылыстардың осы жетекші доңғалақта болады, бірақ жетекші моменттің әсерінен қосымша басқа құбылыстар да пайда болады. Енді олардың жұмыс динамикасын қарастырайық. Суретте қозғаушы доңғалақтың жер бетімен әсерлесу кезеңі көрсетілген.

Бұл қозғаушы доңғалаққа сырттан машмнаның салмақ күші және оны итеруге қажетті күштері түседі. Онымен қоса трансмиссия арқылы жетекші момент беріледі. Соның салдарынан доңғалаққа жер бетінің әсер күштері пайда болады, яғни салмақ күшіне қарсы және жетекші моменттің әсерінен пайда болған жанама күшіне қарама-қарсы күші.

Шынжыр табанды қозғаушылардың жұмысы: шынжыр табанды қозғаушылардың доңғалақты қозғаушыларға қарағанда бірнеше арқытқшылықтары бар. олаодың негізгісі, жер бетімен жанасқан ауданының үлкен болуына байланысты топыраққа түсіретін қысымы аз болады да, көбірек тарту күшін тудыра алады. Бірақ бірнеше кемшіліктері де бар. оларға құрылысының күрделілігі мен жүріс жылдамдығының төмен боолатындығын жатқызуға болады. Себебі шынжырдың әрбір буына жетекші жұлжызшаны айналып өткен кезде доға сияқты емес, көпбұрыш түрінде өтеді де, әрбір бұрыш өткен сайын жүріс жылдамдығын азайтып-көбейтіп отырады. Сөйтіп жүріс жылдамдығының тербелісін тудырып, жүріс сапасын нашарлатады. Дегенмен де үлкен тракторларда шынжыр табанды қозғаушылар көбірек қолданылады. Оның жұмысын талдау үшін суретте келтірілген жұмыс сызбасын қарастырайық.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1. Классикалық сызба бойынша жүретін машиналарда қандай негізгі механизмдер болады?

2. Жетекші доңғалақтағы момент қайдан алынады?

3. Жылдамдық тұрақты кезіндегі жетекші момент қалай анықталады?

4. Трансмиссияның пайдалы әсер коэффициенті нені көрсетеді?

5. Жүріс жылдамдығы айнымалы болған кезде жетекші моментте қандай өзгеріс болады?

6. Жетекші моментті тудыратын қозғалтұыштың айналдыру моментін қалай анықтауға болады?

7. Қозғалтқыштың жылдамдық немесе реттегіш сипаттамаларына талдау жасап беріңіз.

8. Пневматикалық доңғалақтар жұмыс кезінде қандай майысуларға ұшырайды?

11. Доңғалаққа берілген жетекші момент оны қандай майысуға душар етеді?

13. Доңғалақтың бүйірлік алшақтауы неден пайда болады және ол машмнаға қалай әсер етуі мүмкін?

14. Доңғалақтардың майысуларының машина жұмысына пайдасы болады ма?

Тракторомобили

За последний десяток лет сельское хозяйство сильно изменилось: конкуренцию крупным агрофирмам составили небольшие, но эффективные фермерские подворья. Однако сельхозтехника, разработанная еще во времена колхозов-гигантов, для них великовата. Фермеру нужно что-то малогабаритное, но очень универсальное — чтобы и пахать, и сеять, и урожай вывозить.

Одними из первых взялись разработать подходящую технику инженеры НАМИ — Центрального научно-исследовательского автомобильного и автомоторного института. Министерство сельского хозяйства подтвердило актуальность проблемы и в феврале 2006 года объявило конкурс на создание ММТС — мобильного малогабаритного транспортного средства. Условия очень жесткие — до первого декабря следовало определиться с концепцией, разработать типаж и построить три опытных образца!

Победителем конкурса оказался НАМИ — за восемь месяцев (!) две бригады конструкторов разработали две серии полноприводных ММТС и построили в общей сложности пять действующих образцов. Их объединяет широкое использование узлов и агрегатов уже выпускаемых автомобилей, что позволит удержать цену на достаточно низком уровне и решит проблему с ремонтом.

Первая серия, разработанная под руководством Тенгиза Дзоценидзе, состоит из трех… тракторов? автомобилей? Будем называть их просто машинами (на фотографиях они красного цвета). Большая НАМИ-2338 грузоподъемностью 800 кг может развивать примерно такое же тяговое усилие при использовании в качестве трактора — ей вполне по силам даже четырехлемеховый плуг. Грузоподъемность и тяговое усилие средней НАМИ-1338 составляют 600 кг, а у малой НАМИ-1337 — 300 кг. Уточним, что по классификации эти ТС относятся соответственно к среднему, малому и особо малому классам. Машины широко унифицированы — например, две более крупные имеют абсолютно одинаковые трехместные кабины. Светотехника, приборы, органы управления, кресла, отопители, кондиционеры — это все одинаковое или почти одинаковое.

Силовые агрегаты — четырех-, трех- и двухцилиндровые владимирские дизели воздушного охлаждения построены на единой «литровой» цилиндро-поршневой группе. Высокий шнорхель (воздухозаборник) за кабинами — скорее декоративный. Реальная глубина преодолеваемого брода ограничена высотой расположения вентилятора охлаждения двигателя.

Очень оригинальны трансмиссии. У большой и средней машины с мотором состыкована пятиступенчатая коробка передач «Соболя». В центре базы — четырехступенчатый ходоуменьшитель, сделанный из коробки ГАЗ-53. К нему пристыкована двухступенчатая раздаточная коробка от полноприводного «Соболя» — так реализован постоянный полный привод с возможностью межосевой блокировки. Всего набирается 40 передач переднего хода и восемь заднего, что позволяет с лихвой компенсировать узкий рабочий диапазон тракторных дизелей и двигаться со скоростью от 2,5 до 50–60 км/ч. В окончательном варианте ради простоты количество передач, вероятно, уменьшат до 12–15.

У малой машины полностью оригинальная четырехступенчатая коробка передач НАМИ. Она отнесена от двигателя в центр базы и объединена в единый узел с оригинальной же двухступенчатой «раздаткой». Интересно, что в обычных условиях привод передний (!), а задний мост подключается жестко при необходимости. У всех трех машин силовые агрегаты, от мотора до «раздатки», собраны на подрамниках и установлены на гидроопорах — на ходу вибрация от дизелей почти неощутима.

Не менее любопытна ходовая часть. Поскольку машины предназначены для работы в поле, их колея подбиралась кратной междурядному расстоянию, составляющему 0,45; 0,6; 0,7; 0,75 или 0,9 м. Таким образом, у наиболее крупной НАМИ-2338 она оказалась 1800 мм — отлично подошли «соболиные» мосты на усиленных рессорах. Для средней НАМИ-1338 мосты пришлось укорачивать до 1500 мм. К слову, и рамы с разной степенью переделки, и рулевое управление — от того же донора. А вот для малыша НАМИ-1337 опять-таки разработали оригинальные мосты с колеей 1200 мм. Зато в них сразу предусмотрели механическую блокировку — старшим братьям ее только обещают. И это еще не все: при необходимости у каждой из машин колею можно менять, устанавливая колесные диски с разным вылетом!

Читайте также  Как сделать трансмиссию в car parking для скорости

Все три вездехода снабдили мощными гидросистемами для привода разнообразного оборудования — от гидроцилиндра самосвального кузова с трехсторонней разгрузкой до навесного устройства с гидромотором и валом отбора мощности.

Самое любопытное, что создатели этих оригинальных транспортных средств сами пока не пришли к единому мнению, что они построили — тракторы или автомобили? И дело тут не в терминологии, а в том, как классифицировать и сертифицировать новинку. Трактор проще, да и удостоверение механизатора на селе доступнее, чем автомобильные права. Специфические требования учтены — выхлопная труба выведена вверх, чтобы ненароком не поджечь искрой сухую стерню, упругая подвеска заднего моста жестко блокируется специальным фиксатором, чтобы обеспечить постоянную глубину вспашки. Однако максимальная скорость 50–60 км/ч существенно ограничивает транспортные возможности этих машин. Моторы позволяют им двигаться раза в полтора-два быстрее — но и требования к автомобилям гораздо более объемистые и жесткие.

Конечно, это лишь первые образцы, что-то будет меняться, переделываться. Тем не менее точное попадание в требования рынка налицо. Потенциальные покупатели, а среди них оказались и работники коммунальных служб, проявили огромный интерес к ММТС и готовы приобрести их хоть сейчас. Да и цены обещают привлекательные: наиболее мощный НАМИ-2338 будет стоить около 200 тыс. руб., среднеразмерный НАМИ-1338 — 170 тыс., компактный НАМИ-1337 — 140 тыс. На нынешний год запланирован выпуск двух десятков машин в экспериментальном производстве НАМИ; их передадут в опытную эксплуатацию.

ГИБРИД «ВОСЬМЕРКИ» И УАЗА

Другая серия ММТС малого и особо малого классов спроектирована и выпущена под руководством Ильи Минкина. Двухместные НАМИ-2339 и НАМИ-1339 (с последней удалось познакомиться лишь заочно) имеют грузоподъемность 600 и 300 кг и примерно такое же тяговое усилие. Задача максимального использования уже выпускаемых узлов и агрегатов здесь решена по-иному, да и агрегатные доноры другие.

В качестве силового агрегата использован двигатель. ВАЗ-21082 с «восьмерочной» же коробкой, но увеличенным до шести количеством передач переднего хода. Двигатель установлен посередине базы продольно и для уменьшения высоты наклонен на 54° вправо. Главная передача превратилась в одноступенчатую раздаточную коробку с блокировкой дифференциала, а развернутые продольно приводы колес — в приводные валы переднего и заднего мостов. В качестве последних использованы портальные мосты с бортовыми редукторами от армейской модификации УАЗ-3151 (для меньшей машины укороченные). Тем самым достигается большое максимальное передаточное число трансмиссии (около 80 в зависимости от подбора шестерен), что обеспечивает высокий запас тяги — трогаться можно с третьей передачи.

Небольшие размеры ММТС заставили отказаться от длинных рессор в подвеске. Учитывая громадное тяговое усилие, а значит, большой реактивный момент от колес, применили достаточно редкое решение — два продольных рычага, сделанные из уазовских, и А-образный рычаг, прикрепленный сверху к картеру моста (такого типа подвеска применяется, например, на «Ленд-Ровере Дефендер»). Упругие элементы — модернизированные пружинно-амортизаторные стойки ВАЗ-2108.

И подвески, и силовой агрегат, и трансмиссия плотно упакованы в пространственную трубчатую раму. Сверху установлена каркасно-панельная кабина; под ее сиденьями — силовой агрегат, сзади — небольшой кузов, который можно откинуть для частичного доступа к мотору. В коробке передач предусмотрен вал привода гидронасоса для питания навесного оборудования.

Конечно, и эти машины еще не приобрели окончательного вида. Вероятно, несколько изменятся кабины — передние стойки чрезмерно широкие и затрудняют обзор. Возможно, появится газовая система питания, а также дизельная модификация. При условии хотя бы мелкосерийного производства их стоимость должна составить около 260 тыс. руб. А уж какая из концепций окажется более жизнеспособной, покажет время.

Трансмиссия түрлері

Трансмиссия деп-қозғалтқыштың білігіндегі қуатты қозғалтқыш доңғалақтарға жеткізетін механизмді атайды. Осы механизмнің негізгі қызметі иінді біліктегі айналдырғыш моментті бірнеше есе көбейтіп, қозғаушы доңғалаққа жеткізу болып табылады. Себебі тракторды жүргізу үшін оның доңғалағына үлкен күш түседі, ал сол күшті айналдырғыш момент тудырады.

Работа содержит 1 файл

трансмиссия.doc

§3.1. Трансмиссия түрлері

Трансмиссия деп-қозғалтқыштың білігіндегі қуатты қозғалтқыш доңғалақтарға жеткізетін механизмді атайды. Осы механизмнің негізгі қызметі иінді біліктегі айналдырғыш моментті бірнеше есе көбейтіп, қозғаушы доңғалаққа жеткізу болып табылады. Себебі тракторды жүргізу үшін оның доңғалағына үлкен күш түседі, ал сол күшті айналдырғыш момент тудырады. Қозғалтқыш білігінен ондай қажет мөлшердегі момент алынбайды, ал оны тракторды жүргізуге пайдалану үшін бірнеше есе трансмиссияның көмегімен арттырады.

Трактордың жұмыс істеуі кезінде атқаратын жұмыс түріне қарай оған әр түрлі күш түседі. Мысалы: жер өңдеу кезінде тракторға көп күш түсетін болса, тасымалдау жұмысын атқарғанда, алғашқыға қарағанда аз күш түседі. Бір сөзбен айтқанда, трактор трансмиссиясы оның күшін өзгертіп тұратын болуы керек. Трансмиссияның екінші қызметі жүріс доңғалағына берілетін күшті атқаратын жұмыс түріне қарай өзгерту болып табылады.

Осы жоғарыда көрсетілгеннен басқа трансмиссия доңғалаққа берілетін қуат бағытын реттейді. Өйткені көпшілік жағдайда, ол қозғалтқыштың ұзындық бойымен, ал қозғаушы доңғалақтар осі көлденең бағытта орналасады. Олар осылайша бұрыш жасап орналасқандықтан, берілетін қуат та бұрылып жеткізіледі.

Трансмиссияның көрсетілген қызметін атқару үшін әр түрлі механизмдер қолданылады. Оларды жұмыс істеу принциптеріне қарай механикалық, гидравликалық және электрлік трансмиссия деп бөледі.

Механикалық трансмиссия деп-қозғалтқыш қуатын қозғаушы доңғалаққа механикалық энергия түрінде жеткізетін механизмді айтады. Ол үшін әр түрлі механикалық берілістер (тісті,белдікті,үйкелісті) қолданылады.

Гидравликалық трансмиссия траткор қозғалтқышынан берілетін қуатты сұйық қысымына айналдырады, ол доңғалақтағы гидравликалық моторға жеткізіліп, қайтадан механикалық қозғалысқа айналады. Бұл трансмиссия жұмыс істеу принциптеріне қарай гидравликалық және гидрокөлемді трансмиссиялар болып бөлінеді. Гидравликалық трансмиссияда берілетін қуат сұйықтықтың үлкен жылдамдығына айналдырылады да, жұмысшы доңғалақтың қалақшаларына ұрылады. Сөйтіп, өзінің энергиясын гидромоторға жеткізеді. Гидрокөлемдік трансмиссияда берілетін қуат сұйықтық қысымы арқылы жеткізіледі.

Гидравликалық және электрлік трансмиссиялар тек жеке түрінде қоолданылмайды. Себебі олардың пайдалы әсер коэффициенті, айналдыру моментін арттыру дәрежесі төмендеу болады. Сондықтан оларды механикалық трансмиссиямен қосып пайдаланады. Оларды гидромеханикалық немесе электрмеханикалық трансмиссиялар деп атайды.

Осы жоғарыда айтылған трансмиссиялардың ішіндегі ауыл шаруашылығы тракторларында көп таралған түрі-механикалық трансмиссия. Себебі оның пайдалы әсер коэффициенті жоғары болады. Ал годромеханикалық және электрмеханикалық трансмиссиялар қуаты өте жоғары өндірістік тракторларда (Т-330,ДЭТ-250) қолданылады. Себебі ондай трансмиссиялардың берілетін қуаты жоғарылаған сайын пайдалы әсер коэффициенті жоғарылайды. Гидромеханикалық және электрмеханикалық трансмиссиялардың санаулы тракторларда ғана қолданылатындығына байланысты оларға түсінік берілмейді.

§3.2. Механикалық трансмиссия

Механикалық трансмиссия құрылысына қарай екі түрге бөлінеді. Беріліс жылдамдығын сатылы және сатысыз өзгертетін трансмиссиялар болады. Жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссияда беріліс санын өзгертуге мүмкіндік беретін беріліс қорабы қойылады. Сол қораптың көмегімен жұмыс бабына байланысты ілінісетін шестерняларды ауыстырып отырады. Ал жылдамдықты сатысыз өзгертетін трансмиссияда құрылысы өте күрделі механизмдер қолданылады. Қазіргі заманғы тракторларда жылдамдықты сатылы өзгертетін тарнсмиссиялар пайдаланылады.

Жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссия көпшілік жағдайда мынадай механизмдер мен тораптардан құралады: ажыратқыш муфта, беріліс қорабы, карданды біліктер, жүргізгіш мостылар. Тракторлардың кейбір түрлерінде ғана жоғарыдағыдан аздаған өзгешелігі болады. Атап айтқанда, ДТ-75 тракторында айналдырғыш моментті арттырғыш қондырғы болады, ал К-701 тракторында ажыратқыш муфта болмайды да, оның қызметін беріліс қорабы атқарады. Т-150 тракторында екі ағынды беріліс қорабы қолданылуына бірнеше өзгеріс енгізілген. Осындай өзгешеліктер туралы әрбір механизмді жеке-жеке талдағанда толығырақ тоқталамыз.

Читайте также  Замена трансмиссии субару аутбек

Тракторлар мен автомобильдер бойынша тәжірибе

Білімділік: Студенттердің таңдаған мамандығын бағалай білуді үйрету, жаңа технологияға бейімдеп үйрету, ауыл шаруашылық тракторларының жұмысшы жабдықтарын үйрету.

Дамытушылық: Студенттердің таңдаған кәсібіне байланысты бағыт беру, ой-өрісін дамыту, техникаға деген қызығушылығн дамыту, агротехникалық талаптарын, тракторлардың қосымша жабдықтарын жұмысқа дайындауды, техникалық күтуді үйрету.

Содержимое разработки

«Қаракемер кәсіптік колледжі»

МКҚК Аға шебері:

__________ Тукеева Ж.С.

Сабақ жоспары №26

Күні-айы: Топ: Т-04 Курс: II

Мамандығы: 1504000 — фермер шаруашылығы

Біліктілігі: 1504062 ауылшаруашылығы өндірісінің тракторшы- машинисті

Бөлімнің тақырыбы: Тракторлар мен автомабильдердің электр жабдықтарымен, тораптары мен саймандарын, күш берілістерін оқып үйрену.

Сабақтың тақырыбы: Салқындату және майлау жүйесі.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Білім алушылардың таңдаған мамандығын бағалай білуді үйрету, жаңа технологияға бейімдеп үйрету, тракторларының салқындату жүйесі жетекші ременьдерінің керілуін тексеру және реттеуді үйрену.

Дамытушылық: Білім алушылардың таңдаған кәсібіне байланысты бағыт беру, ой-өрісін дамыту, техникаға деген қызығушылығн дамыту, агротехникалық талаптарын, тракторларының электр жабдықтары, жүріс бөлігі, салқындату жүйесі, рульдік басқару, трактордың тежеуіші, күш берілістерін оқып үйрену.

Тәрбиелік: Білім алушыларды эстетикалық талғамға сай, ұқыптылыққа және іскерлікке тәрбиелеу, отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету сабағы

Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау)

Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: Құрал-саймандар жиынтығы: Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисті мамандығының шеберханасы, Салқындату жүйесі жетекші ременьдер, радиаторлар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3. Білім алушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру

2.Кіріспе нұсқау: (42 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;

1. Жүріс дөңгелектерінің кандай турлерін білесіз?

2. Пневматикалық дөңгелектің кұрылысын mүсіндіріңіз?

3. Камералы немесе камерасыз шиналардың айырмашылығы неде?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;

Дизельдің қалыпты температурасын сақтап тұратын тетіктер, механизмдер мен приборлар салқындату системасын кұрады.

Дизель 80 95°С температурада қалыпты жұмыс істейді.Егер ол қызып кетсе, май өте сұйық болып, детальдарды нашар майлайды, олардың жанасатын беттері арасындағы үйкеліс артып, олар тез тозады, поршень мен жану камерасының қабырғаларына күйе пайда болады, ыстық цилиндрге келетін ауаның мөлшері кемиді, кызудың әсерінен әркелкі ұлғаятындықтан цилиндрдегі поршеньнің сыналанып қалуы мүмкін, бұл цилиндр айнасы мен поршеньде жолақтың түзілуіне себепші болады.

Дизель аса салқындағанда майдың тұтқырлығы артып, оның циркуляциясы (шыр айналуы) қиындайды, үйкеліске жұмсайтын шығыны артады. Жанар май нашар буланады, сондықтан қоспа жасалуы қиындайды. Осының нәтижесінде жанар май толық жанбайды да дизельдің қуаты кемиді. Оны қыздыруға жұмсалатын жылудың мөлшері артады.

Сонымен, дизельдің қызып кетуі мен аса салқындауы детальдардың тез тозуы мен сынуына, дизельдің қуаты мен пайдалы әсер коэффициентінің кемуіне, сондай-ақ жанар майдың нормадан артык жұмсалуына себепші болады.

Двигателдің қызып кетуіне жол бермеу үшін оны қолдан салқындатады Қызған детальдардан жылуды қоршаған ауаға шығару әдістері бойынша іштен жанатын двигательдер сұйықтықпен немесе ауамен салқындатылатын двигательдер болып бөлінеді. Сұйықтықпен салқындату системасын Д-50, Д-240,СМД-14,А-41 және басқа дизельдерде, ал ауамен салқындату системасын Д-21, Д-37М дизельдеоінде қолданады.

Сұйықтықпен салқындату сиетемасының жұмыс істеу принципі конвекция құбылысына негізделген. Су немесе антифриз дизельмен оталдырғыш двигательдің салқындату жейдесінде болатын кезінде цилиндірлердің қызған қабырғаларымен қалпақшалардан жылуды өзіне сіңіріп алады. Ысыған судың тығыздығы кемиді, сондықтан ол жоғары қарай көтеріліп, жоғарғы жалғастырғыш шлангі арқылы радиаторға өтеді де мұнда салқындайды. Ауа радиатор арқылы желдеткішке өтеді, ал желдеткіш ысыған ысыған судың салқындауын тездете отырып, ауаны двигательге қарай бағыттайды. Радиатордағы судың салқындау барысын жалюздер реттеп тұрады.

Термостат суық дизельдің қыздырылуын тездетеді және оның қалыпты температурасын автоматты түрде сақтап тұрады. Судың температурасы 700С-ден төмен болған кезде, термостат оны радиаторға жіберместен, қалпақшадан қайыра өткізу шлангісі (3) арқылы су насосына бағыттайды.

Дизельдің қызып кетуі немесе аса салқындауы-сұйықтықпен салкындату системасы ақаулығының сыртқы белгілері.

Дизельдің қызып кетуінің себептері: салқындату системасында судың жеткіліксіз болуы, су жейдесінің қабырғаларында, радиатордың түтіктерінде қақтың пайда болуы және олардың бітеліп қалуы, желдеткіш ременінің бір орында айналуы немесе үзілуі, радиатордағы судың қатып қалуы, радиатор өзегі сыртының ластануы, термостаттың ақаулығы, штордың немесе жалюздердің жабық болуы.

2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5. Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау, қателіктермен жұмыс жасау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

1.Су радиаторының міндеті, құрылысы?

2.Желдеткіш пен су насосының құрылысы?

3.Желдеткіш пен су насосы ременінің керілуін қалай тексеріп реттеу керек?

2.7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;

3.Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (180 минут)

3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:

— Жұмыс орнын жұмысқа дайындау.

-Дизельдің аса салқындап кетуінің себептері: термостаттың ақаулығы,бұл жағдайда су тек радиатор арқылы циркуляция жасайды. қаптағыштың, болмауы, штор я жалюздің ашық болуы.

-Орын алған ақауды тауып, оны жою үшін, сондай-ақ олардың орын алуын болдырмау үшін жұмыс істеп тұрған дизельде судың температурасын қадағалап, тексеріп отырады және сисгемада судың қажетті деңгейін сақтап тұрады, системаны оқтын-оқтын

жуып тазартып одан 10 л суда 750 г каустикалық сода және 250 г керосин болатын сода ерітіндісімен қақты бөліп шығарады, радиатордың сыртын ластан тазартып, желдеткіш пен су насосы ременінің керілуін бақылайды және реттейді, системаның барлық қосылысқан жерлерін тартып бекітеді, су насосының подшипниктерін майлайды, ауаның температурасы +50 С-ден төмен болғанда дизельді тоқтатып, системадан барлық суды ағызады.

-Ауамен салқындату системасы бар қозғалтқыштар жылу қызған детальдарды тікелей ауа ағынымен әкетіледі бұл ауа ағынын желдеткіш түзіп, дизельге құндақ және дефлектормен.

3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):

-Радиатор жез түтіктердің бірнеше қабаттары болып табылатын жоғарғы және төменгі бактар мен өзектерден тұрады. Жез түтіктерге дәнекерленген пластиналар радиатордың салқындату бетін арттырады. Радиаторға суды оны қақпақпен жабылатын аузы арқылы құяды, ал қақпақта бу шығару және ауа енгізу клапандары болады.

-Желдеткіш төрт қалақшалы немесе қалақшалы қанатшадан тұрады. Ол су насосымен бірге дизельдің иінді білігінен сына тәрізді ременьмен айналысқа келтіріледі.

-Су насосы центірден тебу принципі мен жұмыс істейді. Су насос корпусындағы қанатша қалақшаларының арасындағы кеңістікті толтырады. Қанатшалы білікше айналған кезде судың бөлшектері өз инерциясымен айдау қуысының қабырғаларына соғылады да саңылау арқылы қысыммен блок картердің су жейдесіне келеді. Сору қуысында сиретілу түзіледі, сондықтан насосқа радиатордың төменгі багынан судың жаңа үлесі келеді.

-Сальник айналып тұрған білікше мен корпустың арасына судың өтуіне жол бермейді.

-Ысыған суды қалпақшадан радиатордың жоғарғы багына өткізетін келте түтікшеге термостат орналасқан.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: